«Қазақстан халқы тілдері» іс-шарасы аясындағы «Тіл шебері» республикалық онлайн байқауын өткізу ережелері

17.08.2020

1. Жалпы ережелер

 

«Тіл шебері» үш тілді жетік меңгерген жастар арасындағы республикалық байқауы (бұдан әрі – байқау) Қазақстан халқы тілдері күніне арналған.

2. Байқауды өткізудің мақсаты:

1) үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтау және қолдау;

2) тіл мәдениетін көтеру;

3) үштілділікті насихаттау.

3. Байқау қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

4. Республикалық байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 14 облыстан іріктелген 21 мен 35 жас аралығындағы барлығы 17 үміткер қатыса алады.

2. Байқауды өткізудің тәртібі

 

6. Байқаудың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет).

7. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 1 ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады.

8. Байқауға қатысу үшін жазбаша өтінім хабарландыру жарияланғаннан кейін 2020 жылғы 4 қыркүйекке дейін tilsheberi@gmail.com электронды поштасына төмендегі құжаттармен бірге беріледі:

  • өтінім (Ережеге қосымша нысан бойынша);
  • жеке куәліктің көшірмесі.

9. Ереженің 8-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім байқауға қатыстырылмайды.

10. Комитетке ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

11. Байқау мынадай кезеңдерден тұрады:

  • «Елтаным» – қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі экранда көрсетілген сурет бойынша үш тілде жауап беру. Бір тілде айтылған ой екінші тілде қайталанбауы керек (айтылатын ой қазақ тілінде басталып, орыс тілінде жалғасып, ағылшын тілімен аяқталады), (3 минут);
  • «Сөзтаным» – экранда көрсетілген сөйлемдерді оқып, орыс және ағылшын тілдерінде жылдам әрі мүдірмей аудармасын айту (2 минут);
  • «Ойтаным» – берілген ортақ тақырып бойынша мемлекеттік тілде эссе жазу. Көлемі 1 беттен аспауы керек (20 минут).

 

3. Қорытынды ережелер

12. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды. Қазылар алқасының құрамы зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тіл мен әдебиет, педагогика салаларының білікті өкілдерінің қатарынан жасақталады. Сандық құрамы бес адамнан аспауы тиіс.

13. Қазылар алқасы шешім шығару барысында мынадай талаптарды басшылыққа алады:

1) тілдерді меңгеру деңгейі;

2) жауаптың нақтылығы мен дұрыстығы;

3) үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі;

4) сауатты жазуы.

14. Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.

15. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-23, 74-08-77, 27-30-43, 8-701-710-89-80 Әлім Сіргебаев.

Комментарии (0)
Оставить комментарий