Қазақ тілін жаңа форматта оқытудың әдіс-тәсілдері таныстырылды

17.11.2017

Бүгін Павлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары аясында облыстық әмбебап ғылыми кітапханада қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Қазақ тілін жаңа форматта оқыту әдістемесі» тақырыбындағы облыстық онлайн семинар өткізілді.

Қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада ЖОО ғалымдары мен тіл мамандары Павлодар, Екібастұз қалаларының, Май, Лебяжі аудандарының қазақ тілі оқытушыларына дәріс оқыды. Қазақ тілі оқытушылары мемлекеттік тілді оқыту кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялармен танысып, онлайн режимінде шеберлік сабақтарын көрсетті.

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий