ІЛЕСПЕ АУДАРМА: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРАКТИКАСЫ

04.09.2020

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында қазақ тілінен ағылшын, ағылшын тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізуді үйрету курсын өткізеді.

Курста аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілері, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөліседі.

Курсты Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті аударма теориясы мен практикасы кафедрасының доценті, PhD докторы Төлеубаева Ақнұр Мұхитқызы жүргізеді.

Курсқа орталық және жергілікті атқарушы органдарының  аудармашылары қатысады. 

Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.

Курс Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран көшесі, №18үй, «Бизнес орталықта», 7-11 қыркүйек аралығында өтеді.

Байланыс телефондары:

факс: 8 (7172) 408397

тел: 8 (7172) 273042

ұялы: 87016752660

 

 

 

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий