АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӨЗ ҚОЛЫМЕН ЖАЗҒАН ӨМІРБАЯНЫ

07.09.2020

Өмірбаян

 

Менің туған жылым «мешін» (1872 жыл) және туған жерімҚостанай округы, Торғай ауданының Тосын болысының №5 ауылындағы Сарытүбек урожище.

1882-ден 1884 ж. дейін бірде әртүрлі адамдардың үйінде, бірде кездейсоқ жақын болған ауыл мектептерінде қазақша сауаттылыққа оқыдым.

1885 ж. біздің отбасымыз бақытсыздыққа душар болды: Торғай уездік бастығы полковник Лисовлевті сабағаны үшін әкем түрмеге отырғызылып және 1886 ж. 15 жылға каторгалық жұмыстарға үкім шығарылды, ал дүние-мүлкіміз кәмпескеленді.

Бұл бақытсыздық менің Торғай қаласындағы мектепке түсуіме себеп болды. Торғайдағы екі сыныптық орыс-қырғыз училищесінде 1886 ж. 1891 ж. дейін оқыдым.

Аталған училищедегі курсты аяқтаған соң Орынбор Қырғыз мұғалімдер мектебіне түстім, онда 1891 ж. 1895 ж. оқыдым. Бұл мектепте курсты бітіргендер 6 жыл мұғалім болып қызмет істеуге міндетті.

1895 ж. 1 маусымнан бастап Қазақстанның әртүрлі жерінде мұғалім қызметін атқардым, әртүрлі мектептерде алдымен ауылдық, содан соң болыстық және ақырында екіс ыныптық.

1901 жылдан мұғалімдік сабақтардан бос уақыттарды өзімнің өз бетімше оқуыма және әдеби жұмысқа пайдаландым.

 

1909 жылдан Семей облысы Қарқаралық.екі сыныптық училищенің мұғалім-меңгерушісі қызметін атқарып жүргенде Семей Губернаторы Тройницкийдің өкімі бойынша тұтқындалып, Семей түрмесіне жіберілдім, онда жандармның тергеуімен 1910 жылдың 1 маусымы мен 21 ақпаны аралығында отырдым.

Түрмеден Қазақ облыстарының шегінде тұруға тиым салып және Ресейдің басқа губерниясында тұруға таңдау құқығы беріліп шығарды. Менің таңдауым Қазақстанға жақын пункт болғандықтан Орынборға түсті және оған 1910 ж. наурыз айында келдім.

Орынборға келгеннен соң мыналармен шұғылдандым: біріншіден,қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік жағынан зерттеумен; екіншіден, қазақ алфавитін реформалаумен (таңбаны емес, орфографияны жетілдіру жағына қарай оңайлату және реттеу мағынасында); үшіншіден, қазақтың жазба тілін лесикалық қоспалардан және синтаксистік құрылысын басқа тілдердің ықпалынан тазарту; төртіншіден, прозаны (іскери, публицистикалық және ғылыми жазба тілді кітаби тілдің жолынан жанды сөйлесу тілінің жолына) стилистикалық өңдеу арқылы және қазақ сөздерінен ғылыми терминдер жасау арқылы ауыстыру. Осылардың барлығы қазақ тіліндегі оқулықтар және сол кезде мен редакторлық еткен «Қазақ газеті» арқылы өмірге енгізілді.

Бұл бағытта менің жұмысым... 18 ж. жалғасты.

18 жылдан Орынбор қ. 1917 ж. 5-13 желтоқсанда өткізілген Жалпықырғыз (Жалпықазақ) сиезінің анықтауымен Орталық Қазақ Үкіметі «Алаш-Орда» жанындағы оқулықтар құрастыру бойынша жұмыс істеуім керек еді, бірақ сол кездің жағдайы бойынша ондай түрдегі жұмыстарды атқаруға мүмкіндік болмады. 18-жылдан бастап 19-жылдың басына дейін мен жалпы «Алаш-Орда» ұйымында жұмыс істедім.

19 жылдың екінші жартысынан 20 жылдың аяғына дейін Қырғыз (қазақ) Өлкелік Әскери-Төңкерістік Комитетінде мүше ретінде жұмыс істедім.Әскери-Төңкерістік Комитетінде және БОАК мүшелігінде тұрып, 20 жылдан өзімнің лингвистикалық жұмыстарымды қайта бастадым; ал 21 жылдан бастап тек лингвистикалық жұмыстармен ғана емес және оқу-педагогикалық жұмыстармен де: алдымен ағарту бойынша Халық Комиссары, содан кейін оның орынбасары,сосын Академиялық орталықтың төрағасы, ары қарай Акорталық Алқасының мүшесі, ақырында Қазхалкомағарту жанында ғылыми әдіскер жауапты қызметтерінде болдым, 21 ж. 28 ж. аралығында мен Қазақ халық ағарту институтында қазақ тілі, қазақ әдебиеті және мәдениет тарихынан сабақ бердім және бұдан өзге 1926 ж. 1928 ж. яғни Қазмуға ауыстырылған күнге дейін Ташкенттегі қазпеджоода қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті болып тұрдым.

1928 жылдың 1 қазанынан бастап Қазөлкеағартуком тарапынан Қазақ Мемлекеттік Университетіне қазақ тілі кафедрасы бойынша профессорлыққа шақырылдым, ол туралы аталған комиссариатпен айрықша келісім бар.

 

12 / V29 ж.Ахмет Байтұрсынов

Комментарии (0)
Оставить комментарий