АУДАРМА КУРСЫ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛЫП КЕТТІ
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында 7 қыркүйек күні қазақ тілінен ағылшын, ағылшын тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізуді үйрету курсын бастап кетті.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Қаба құттықтап сөз сөйлеп ашты: «Осы уақытқа дейін өткізілген қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма курсында 95 қатысушы сертификат алды, биылғы жылы алғаш рет қазақ-ағылшын, ағылшын-қазақ тіліндегі курста маусым айында 10 қатысушы сертификат алып, біліктіліктерін арттырып шықты. Олардың біразы ілеспе аудармашы ретінде әр салада қызмет етіп жүргендер.
Елімізде халықаралық қатынастардағы тіларалық коммуникацияны жүзеге асыратын ілеспе аударма ісі біздің елімізде әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ. Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі келіссөздерде, алқалы жиындарда ілеспе аударма жасайтын мамандардың санын, қызметінің сапасын арттыру өзекті мәселе болып отыр. Себебі, еліміз өз жиындарын мемлекеттік тілде өткізетін деңгейге қол жеткізу міндетін орындауға мүдделі. Ал ілеспе аударма осы міндетті жүзеге асырудың тиімді тетігі болып табылады. Сондықтан еліміздегі тіл саясатының толыққанды орнығуына себеп болатын ілеспе аудармашыларға әдістемелік көмек көрсету, олардың біліктілігін арттыру аса маңызды.
Алғашқы күннен бастап тыңдаушылар мен дәріс оқушы Ақнұр Мұхитқызы тарапынан ыстық ықылас анық байқалады.