АЛТЫ МЕМЛЕКЕТ ҒАЛЫМДАРЫ ҚАТЫСАДЫ
Семинар-кеңестің мақсаты – түркі тілдерін зерттеушілермен, әдіскерлерімен ғылыми пікір, тәжірибе алмаса отырып, өзара туыстас тілдердің мамандары арасында халықаралық байланысты қалыптастыру.
Осы халықаралық жиын барысында жаһандану жағдайындағы тілдік ахуалды ортаға салу, әліпби және түркі тілдерін оқыту әдістемесі бағытында ортақ және жеке ғылыми-әдістемелік дәстүрлер мен жаңашыл бастамалар жөнінде пікір алмасып, тәжірибелер қорытындыланады.
Тарихи даму барысына, саяси және қоғамдық жағдайларға, географиялық орналасуына байланысты тілдің экстралингвистикалық мәселелері де талқыланатын болады. Соған орай, семинар-кеңеске қатысушылар тілдік ахуал жөнінде баяндамалар жасайды.
Түркі халықтарын байланыстыратын және сонымен бірге ерекшелендіретін факторлардың бірі – олардағы әліпбилердің сипаты. Осыған байланысты түркі халықтары қолданатын әліпби нұсқалары, әліпби түзу принциптері, әр тілдің фонетикалық ерекшеліктері, емле ережелері жөнінде әңгіме етіледі. Сондай-ақ осы ғылыми басқосуда ортақ түрік әліпбиі, оның қажеттілігі мен мүмкіндіктері жөнінде де мәселе көтерілмек. Семинар-кеңесте осы тақырып мейлінше қозғалмақ.
Жалпы тіл үйрету әдістемесі сияқты түркі тілдерін оқыту мәселесі де өзекті. Соған орай, ісшарада ғалым-әдіскерлер түркі тілдерін оқытудың теориялық және практикалық мәселелері жөнінде баяндамалар жасайды.
Халықаралық семинар-кеңестің басты қорытындысы түркі тілдері мамандарының осындай ғылыми басқосуларын дәстүрге айналдырып, өзекті тақырыптар төңірегінде өзара тәжірибе алмасуды жалғастыра бермек.
Ісшараға ғағауыз, қырғыз, ноғай, өзбек, хакас, қарақалпақ, түрік, тыва, татар және қазақ тілдерінің мамандары, барлығы алты мемлекеттен ғалымдар қатыспақ.
Журналистер үшін мына сілтеме бойынша тікелей байланыс жұмыс жасайды: https://us02web.zoom.us/j/8440048081
Идентификатор нөмері:
844 004 8081
(Қажет болған жағдайда)
Өтетін уақыты: 2020 жылғы 17 қыркүйек.
Басталуы: 10-00 сағат.
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы,
«Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық
орталығының ғимараты, Сауран 7а