«Оқылым дағдысын меңгерту стратегиясы» тақырыбындағы онлайн семинар
Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі және Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде 2020 жылы 11 қыркүйекте онлайн режимінде облыстық семинар өтті.
Семинарға Павлодар қаласы мен Шарбақты ауданынан 50 қазақ тілі оқытушылары қатысты.
Жаңа форматта оқытудың әдістемелерін игере отырып, тіл білімінің тәжірибелі ғалымдары филология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ф. Зейнулина, гуманитарлық ғылымдардың магистрі, аға оқытушы Б.Р. Қожахметова семинарға қатысушыларға өз тәжірибелерімен бөлісті.
Жұмыс барысында қазақ тілі оқытушылары мемлекеттік тілді оқыту кезінде қолданылатын жаңа әдістемелермен танысты.