«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі «Туған жер! Туған Тіл! Туған ел!» Қазақстан Патриоттары Форумы

12.12.2017

 

Тәуелсіздік мерекесіне орай 14 желтоқсанда Астана қаласында «Қазақстан» ОКЗ «Туған жер! Туған Тіл! Туған ел!» Қазақстан патриоттары форумы өтеді. Форумның басты мақсаты мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында белгіленген идеялар аясына патриоттық күштерді біріктіру болып табылады.

Форум жұмысына Қазақстанның барлық өңірінен 200-ден астам делегат қатысады. Олар өз кәсібінің үздік өкілдері, ел игілігіне қалтқысыз қызмет етіп жүрген: дәрігерлер, әскерилер, өрт сөндірушілер, мұғалімдер, спортшылар, мәдениет қайраткерлері, жастар көшбасшылары, бизнес пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, шетелдердегі біздің отандастарымыз болып табылады. Форумға депутаттар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал мәдениет қайраткерлері.

Форум аясында «Жыл Патриоты» құрмет белгісін табысталады. «Туған жерім – ғұмырым», «Туған тілім –тұғырым», «Туған елім – қыдырым» номинациялары бойынша ерекше ерлік көрсеткен, өзінің белсенді азаматтық ұстанымын білдірген, күнделікті еңбегімен және нақты істерімен ел игілігіне жараған, Отанға деген шынайы сүйіспеншілігін көрсеткен адамдар марапатталатын болады.

 

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий