КӨРНЕКІ АҚПАРАТ ПЕН РЕСМИ САЙТТАРҒА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ
Жоба аясында мониторингтің екі бағыты қамтылды:
- көрнекі ақпараттар
- ресми интернет-ресурстар
Жалпы 8 қалада:
- Нұр-Сұлтан
- Алматы
- Павлодар
- Петропавл
- Орал
- Қарағанды
- Қостанай
- Көкшетауда көрнекі ақпараттарда және бұқаралақ ақпарат құралдары, оның ішінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың және ЖОО-ның ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тілдің қолданысы мен сауаттылығы тексерілді.
Жоба барысында 2020 жылдың маусым-қараша айларының аралығында сарапшы мамандар тартылды. Көрнекі ақпараттардағы тілдік ахуалға талдау жасау үшін тілдерді дамыту басқармалары мен тіл орталықтарынан сегіз, ресми интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу үшін екі сарапшы маман жұмылдырылды.Ай сайын сарапшы мамандардың есебі қабылданып, түзету жұмыстары жүргізілуде. Көрнекі ақпараттар мен сыртқы жарнамаларға жүргізілген мониторинг жұмыстары Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Петропавл, Орал, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау қалаларын қамтыды. Көрнекі ақпарат пен жарнаманы қадағалау барысында мемлекеттік тілде кеткен грамматикалық, орфографиялық қателер, орыс тілінен мемлекеттік тілге аударылған сауатсыз аудармалар анықталды. Нысандарда анықталған қателер бойынша арнайы тартылған сарапшы мамандарға әдістемелік көмек көрсетіліп, сауалнама жүргізуде. Нәтижесінде тілдер басқармасы арқылы түзету жұмыстары атқарылып жатыр.
Көрнекі ақпараттарға жүргізілген мониторинг жұмыстары
(маусым-қазан)
№ |
Қала |
Анықталған қате саны |
Түзетілген саны |
1. |
Нұр-Сұлтан (маусым-тамыз) |
86 |
- |
2. |
Алматы |
146 |
34 |
3. |
Көкшетау |
75 |
22 |
4. |
Қостанай |
47 |
28 |
5. |
Орал |
252 |
65 |
6. |
Павлодар |
79 |
28 |
7. |
Петропавл |
60 |
38 |
8. |
Қарағанды |
90 |
90 |
Мониторингтің екінші бағыты орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың және республика бойынша ЖОО-ның ресми интернет-ресурстарына (бекітілген тізім бойынша) жүргізіліп, мемлекеттік тіл қолданысының сауаттылығы мен дұрыстығы тексерілді.
Нәтижесінде министрліктер мен әкімдіктердің, ұлттық компаниялар мен жоғары оқу орындарының ресми сайттарының қазақ тіліндегі парақшасында ақпараттың басым бөлігі орыс тілінде жүктелетіндігі анықталды. Сайттарға кіргенде басты бет орыс тілінде ашылады. Қазақ тіліндегі парақшада берілген ақпараттар орыс тіліндегі парақшаға қарағанда көлемі жағынан аз. Сондай-ақ, сайттың қазақ тілі нұсқасында орыс тілінен сауатсыз аударылған калька аудармалары көп кездеседі. Грамматикалық, орфографиялық және стильдік қателер де көп кездеседі. Осыған орай, жоғарыда аталған мекемелерге маусым-қазан айлары бойынша жалпы 98 ескерту хаты жолданды. Осы жіберілген хат бойынша түзету жұмыстары жүргізілуде.
2020 жылғы мониторинг жүргізілетін мекемелердің (ресми интернет-ресурс) саны – 125
Орталық және жергілікті атқарушы органдар – 33
Ұлттық компаниялар – 16
Жоғары оқу орындары – 55
Банк, ЖШС - 21
Жолданған ескерту хаттардың саны – 98
Орталық және жергілікті атқарушы органдар – 33
Ұлттық компаниялар – 16
Жоғары оқу орындары – 31
Банк – 16
Колесо.кз, «BaigeNews» порталы (маркет.кз, крыша.кз) – 2
Түзету енгізген мекемелердің саны – 33
Орталық және жергілікті атқарушы органдар – 16
Ұлттық компаниялар – 7
Жоғары оқу орындары – 7
Банк – 3
Жыл бойы жүргізілген мониторинг нәтижелерін қорытындылау, өзара тәжірибе алмасу, тіл саясатының жүргізілуін қадағалау мақсатында қараша айында қорытынды семинар өткізіледі. Шара барысында көрнекі ақпарат, ресми интернет-ресурстарға жүргізілген мониторинг жұмыстары бойынша арнайы сарапшы мамандар баяндама жасап, ұсыныс пікірлерін ортаға салады. Мемлекеттік тілдің көрнекі ақпаратта, интернет-ресурстарда сауатты рәсімделуі жан-жақты талқыланатын болады. Осыған орай қарар қабылданып, тиісті құзырлы мекемелерге жіберіледі.