КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасы жүргізілуде. Жоба аясында мониторингтің екі бағыты қамтылды: көрнекі ақпараттар, ресми интернет-ресурстар. Күні бүгін еліміздің сегіз қаласында (Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Петропавл, Орал, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау) көрнекі ақпараттарда және бұқаралақ ақпарат құралдары, оның ішінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың және ЖОО-ның ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тілдің қолданысы мен сауаттылығы тексерілді.
Шараның мақсаты – көрнекі ақпарат, ресми интернет-ресурстарға жүргізілген мониторинг жұмыстарын қорытындылау. Осы орайда арнайы сарапшы мамандардың баяндамасы тыңдалып, мемлекеттік тілдің көрнекі ақпаратта, интернет-ресурстарда сауатты рәсімделуі талқыланатын болады.
Онлайн басқосуға орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Ұлттық компаниялардың жауапты мамандары, ЖОО мен Банктердің қызметкерлері қатысады.
Мемлекеттік тілді ресми интернет-ресурстарда кеңінен қолдануға үлес қосқаны үшін бірқатар мекемелер арнайы алғысхатпен марапатталады.
Онлайн режімде қатысушылар тақырып бойынша өз ұсыныс-пікірлерін ортаға сала алады. Шара қорытындысы бойынша арнаулы қарар қабылданады.
Өтетін мерзімі: 2020 жылғы 26 қараша
Басталу уақыты: 15:00
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран 7а, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының конференц-залы.