ПРЕЗИДЕНТ: «ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ БІРТҰТАС ҰЛТ БОЛУ ЖОЛЫНДАҒЫ АЙРЫҚША МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ»

05.02.2021
Мемлекеттік тілді білетін әрбір азамат қазақша үйренгісі келген досымен, әріптесімен немесе танысымен өз білімін бөліссін. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін меңгеру біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам деп бағалады. Сондықтан тіл үйренуге талпынған отандастарымызды бәріміз қолдауға шақырды.

«Мемлекеттік тілді білетін әрбір азамат қазақша үйренгісі келген досымен, әріптесімен немесе танысымен өз білімін бөліссін. Мұндай игі іс бір-бірімізге қамқорлықты арттырып, бірлігімізді нығайта түсері сөзсіз», – деді Мемлекет басшысы.

Президент ана тілімізді дамыту жайындағы ойын латын графикасындағы қазақ әліпбиімен түйіндеп, латын қарпіне көшіп жатқанымыз Тәуелсіздіктің жемісі деп бағалады.

Комментарии (0)
Оставить комментарий