РАМАЗАН ЕСІМДІ БАЛАЛАР КӨБЕЙСІН!

14.04.2021
Рамазан айында Рамазан есімді балалар көбейеді. ⠀ Мысалы, 2020 жылдың мамыр айында Рамазан есімі - 1128 балаға қойылған. Қызығы, соңғы жылдардың сандық көрсеткішіне сүйенетін болсақ, қыз балаларға МЕДИНА есімі көп қойылған. Одан кейін көш басында Айлин, Раяна және Айша есімдері бар.

Ал ер балаларға мұсылманша есім қою дәстүрге айналған сияқты. Танымал есімдер қатарын Әлихан мен Айсұлтан бастап тұр.

2020-2021 жж аралығында:

Нұрислам – 3701 рет

Ислам – 2030 рет

Мухаммад – 1904 рет

Муслим – 1798 рет қойылған.

Елімізде кездесетін ерекше есімдер:

  • Тәңір-Жомарт
  • Нұрпатшайым
  • Ахмет Байтұрсын
  • Ақ-тілек
  • Сүйкімді
  • Таңғажайып
  • Тәттім
  • Сұлтан Бейбарыс
  • Ару-Астана
  • Сұлубике

Комментарии (0)
Оставить комментарий