ПИНГВИННІҢ ҚАЗАҚША АТАУЫ «БАЛПАНАҚ» ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

20.05.2021
Мәселен, ауызекі сөйлеуде «балпанақтай болып келеді» деген сынды тіркес, сөйлемдерді үнемі қолданамыз. ⠀ Бірақ пингвинді балпанақ демейміз. ⠀ Сіздерге балпанақ пен балпанақтай сөзінің аражігін ажырату үшін қосымша ақпарат ұсынамыз. ⠀ Балпанақ - алтыншы құрлықтағы байлық сөз болғанда, адамдардың есіне əуелі балпанақ (пингвин), түлен, кит, ақ аю оралатындығы сөзсіз (Егем. Қазақст., 25.02.2009).

❓Балпанақтың құстардың қатарына жататынын білесіз бе?

⠀Қайдағы құс, ол ұша алмайды ғой деген ой тууы әдбен мүмкін. Сондықтан да, балпанақтың толық анықтамасын беріп отырмыз.

Балпанақ - суда жүзу үшін қысқа қанаттары ескекке айналған, құрлықта да жүре алатын, көбіне арқасы қара, қара қоңыр, бауыры ақ түсті болып келетін үлкен антартикалық теңіз құсы.

Ал балпанақтай сөзіне келейік.

БАЛПАНАҚТАЙ ⬇️

с ы н. 1. Үлкен, етженді, толық. Ишан қалың жиыннан оқшаулау шығып, ұйлығып тұрған бір топ кісіні көрді. Өздері балпанақтай, өңшең жуан. Аттары да семіз(Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).

Екі көзі алақандай, балпанақтай қара балаға кластағылар тегіс жалт қарады (Ә.Нұршайықов, Батыр.).

2. а у ы с. Дардай, ортан қолдай, білдей.

Мейіріміңнен қалам көктеп,

Бәрі де бар кең тұлғаңда.

Айтпашы, апа, «балам жоқ» деп,

Балпанақтай мен тұрғанда (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем).

Комментарии (0)
Оставить комментарий