Тәрбиешілерге арналған тайм-менеджмент бойынша тренинг өтті

09.02.2018

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Тәрбие және білім» атты базалық бағдары аясында 2018 жылғы 8 ақпанда «Ана тілі» орталығында мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне арналған тайм-менеджмент тренингі ұйымдастырылды.

Қазақстандық патриотизм рухындағы тәрбиенің рөлін күшейту, тәрбие мен оқытудың арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған тайм-менеджмент тренингіне Павлодар қаласындағы балабақшалардың тәрбиешілері мен әдіскерлері қатысты.

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы тәрбие мен оқытудың ұлттық жүйесін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында сапалы білім беруді жоспарлау және мақсаттарға қол жеткізу бойынша тиімді әдістемелер қажет. Осындай көптеген басым міндеттерді шешуге арналған әдістердің бірі тайм-менеджмент болып табылады. Осы мақсатта көптеген кеңес беру және тренигтердің, оқу-әдістемелік құралдардың авторы, тәжірибелі қазақ тілі маманы әрі оқытушы Ш.Д. Кинжикова тайм-менеджмент бойынша сабақтар ұйымдастырды.

Тренинг барысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы жас ұрпақтың туған өлкеге деген сүйіспеншілікке, тілге, тарихқа және мәдениетке деген құрметті, жалпыұлттық патриотизмді оқыту мен тәрбилеуді қалыптастыруға бағытталған табыстау, жоспарлау, мақсатты тұжырымдауды дамыту сынды мәселелер қарастырылды.

Комментарии (0)
Оставить комментарий