РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Гүлбағиза Мұсаеваның бұл жолғы дәрісі «Лексика-грамматикалық материалды беру ұстанымдары» деп аталды. Әрі тыңдаушылармен практикалық жұмыстар жүргізілді.
«Жаңа деп қабылданып келген нәрсенің көнеріп, ескіретіні сияқты, уақыт өткен сайын әдістемелік әдіс-тәсілдердің де өзгеріп отыруы заңды құбылыс. Бірақ, өмірлік тәжірибеге сүйенсек, сол уақыттың тезіне шыдас беріп, електен өткендері де болады екен. Мәселен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы өткен ғасырдың басында «Тілдік материалды жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай оқыту керек» десе, біз тіл үйрету үрдісінде әлі күнге бұл ұстанымдарды тап сол күйінде қолданып келеміз»,– деді Гүлбағиза Әбіласымқызы.
Қатысушылар БАҚ-та қазақша сөйлем құраудағы жиі кездесетін кемшіліктерді, соның ішінде сөздің түбіріне назар аудармай, белінен басушылықты нақты бейнежазбалар арқылы жан-жақты қызу талдады.
Семинар өз жұмысын жалғастыруда.