РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ
03.06.2022
В избранное
2022 жылғы 2 маусым күнгі «Заманауи оқытушының цифрлы трансформация кезеңіндегі тілді үйрету шеберлігі» атты республикалық онлайн-семинарының үшінші басқосуын Орталық бас директорының орынбасары Л.Есбосынова ашты. Бұл жолы осыған дейін семинар барысында өтілген материалдарды практикада қолдану мәселесі қаралып, әр орталықтың үлгі-сабақтары талданды, қатысушылар кері байланыс арқылы пікір алмасты. Семинардың үшінші күнінің ерекшелігі туралы сұрағымызға Орталықтың Әдістеме басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Искакова: «Әуелі уақыт үнемдеу, одан кейін талқылауымызды тиімді, әрі сапалы өткізу үшін әр қатысушыға алдын ала тапсырмалар жібердік.
Мысалы, күрделі етістіктер мен сын есімдердің ішінен ең жиі қолданылатын 30 сөзді таңдау ұсынылды. Бұдан басқа негізгі түстер және олардың салыстырмалы мағыналары туралы тақырып ұсынылды. Осы арқылы қатысушылар өзара тәжірибе алмасады»,– деп жауап берді.
Іс-шара бұл тәсілдің тиімділігін анық көрсетті. Қатысушылар тарапынан белсенділік артып, берілген тапсырмалар бойынша тыңғылықты дайындықтың үлгісін танытты. Басқосу соңында: «Бір ұсыныс қамтылған тақырыптардың бәрі дұрыс екеніне мұғалімдердің пікірлерінен көз жеткіздік. Осы материалдарды электронды жинақ ретінде басқа орталықтарға жіберсе,өте пайдалы болар еді», – деген пікір айтушылар да болды.
Комментарии (0)
Оставить комментарий