«ҚАЗАҚ ҚАЛПЫ» МЕН «ҚАЗАҚ САЛТЫ»
Оның айтуынша, «Қазақ қалпы» өлеңінің өн-бойынан отарлық езгідегі ел-жұртын азаттыққа жеткізсем деген ұлы мұрат менмұндаласа, «Қазақ салты» өлеңінде құлдық сананың жемісі ретінде пайда болған ерсі қылықтарды, елдік қасиетті аяқасты ететін ездік кесапаттарды әшкерелеп, қатты сынайды.
«Ғасырдан астам уақыт өтсе де, Ахаң жырлаған «Қазақтың қалпы» мен «Қазақтың салты» өзгере қоймағанын қынжыла отырып мойындауға тура келеді,–деді Сая Ағанасқызы. – «Қазақ қалпы» өлеңі бұрын мектеп бағдарламасына енгізіліп, оқушыларға әдебиет пәнінен оқытылып келді. Алайда кейінгі жаңартылған білімберу бағдарламасына сәйкес бұл өлең оқытудан алынып тасталған. Біздің ойымызша, әлеуметтік маңызы бар, тәрбиелік мәцні зор бұл өлеңдерді мектеп бағдарламасына қайта енгізу керек. Өйткені, ертеңгі қазақтың қалпы мен қазақтың салты бүгінге қарап бой түзейді».