ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ОРТАҚ ТІЛІ БОЛУЫ ТИІС

20.06.2022
Қазақстан халық арман еткен жерұйықтың бесігі мен кіндігіне айналуы тиіс. «Қазақ ғасырлар қойнауынан үнемі «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманды аңсаған, жұрты үшін «жерұйықты іздеген» халық. Бүгінгі Қазақстан. Ол – ата-баба арманы, кейінгі ұрпаққа аманаты. Ал біздер мен сіздердің міндетіміз Президентіміздің бастамаларына қолдау жасап, әрбіріміз қазақ елін достық пен бірліктің бейбітшіліктің тірегі мен ұлтаралық келісімнің бесігіне айналдыру жолында барынша еңбек етіп үлесімізді қосу. Сонымен қатар бір тілді ғана меңгеріп қоймай, бірнеше тілді еркін білу өмір талабы. Болашақ ұрпақты қазақ тілінде сөйлеуге, күнделікті өмірде қазақ тілін қолдануға шақыру да сіздер мен біздердің басты міндетіміздің бірі екенін күн тәртібінен шығаруға болмайды.

 

Сонау ХІХ ғасырда қазақ мәдениеті мен тілін зерттеген Еуропа ғалымдары түркітанушылар В.Радлов, П. Мелиоранскийлер «түркі тілдерінің ішінде ең таза тіл – қазақ тілі» екенін, ал қазақ тілі білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынов «түркі тілін ХХ ғасырға дейін аздырмай, қазқалпында сақтап келген алғыс пен абырой қазаққа тиіс» деп аса құнды баға берген қазақ тілі қазақстандықтардың ортақ тілі болуы тиіс.

Жастарымыздың бойына қазақ тілінің қыр-сырын, байлығы мен ең асылдарын сіңіру арқылы біз өскелең ұрпақтың бірегейлігін қалыптастыра аламыз.

 

Владимир Шнайдер,

«Тұран-Астана» университетінің кафедра меңгерушісі

Комментарии (0)
Оставить комментарий