ТАНЫСТЫРЫЛЫМ ТАБЫСТЫ ӨТТІ
«Инстаграм» парақшасындағы «Qazaq Grammar» желісі ел көлеміндегі қазақ тілін оқытумен айналысатын жобалар жөнінде сауалнама жүргізген екен. Сан мыңдаған оқырмандардың таңдауы бойынша біздің бес бірдей жобамыз – «Sozdik.kz», «Sozdikqor.kz», «Tilqural.kz», «Emle.kz», «Тermincom.kz» сайттары алғашқы үздік бестікке енді», – дейді Мөлдір Бақытқызы.
Оның айтуынша, Орталық ұсынып отырған 12 жоба – қазақ тілін үйренушілерге таптырмайтын көмекші құрал. Олар арқылы ана тіліміздің ұшан-теңіз байлығын игеруге талаптанғандардың талай олжаға кенелері хақ. Мәселен,«Көсегең көгерсін» дегенді, әсіресе, жиын-тойларда жастарға арнаған тілек арасынан жиі естиміз. Ал осы сөз өз орнында дұрыс қолданылып жүр ме? «Sozdikqor.kz» кіріп мағынасын іздей бастасаңыз, санаулы секундтардың ішінде жиырмадан астам нәтиже алдыңыздан шыға келеді. «Көсеге» –қыздың шымылдық ішіндегі төсек-орны.
Дәріс барысында қазақ тілін өздігімен үйренушілерге арналған «Tilmedia.kz», «Balatili.kz», «Tilqural.kz», «Abai.institute» сайттары, тілдік сауаттылықты арттыруға бағытталған «Тermincom.kz», «Emle.kz», «Qazcorpora.kz» сайттары, барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» және ономастикалық «Atau.kz» сайттары туралы жеке-жеке сөз болды.
Іс-шараға қатысушылар ерекше ықыласпен тыңдап, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға деген құлшыныс танытты.