ЖАҢА САНЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Тіл мен қоғам қатынасының айқын көріністері Сіздер жолдаған материалдармен ұштасып сабақтасып жатса, біздің алға қойған мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз», – делінген беташар мақалада.
Көзі қарақты оқырман бірден аңғарады, алманахтың алғашқы саны ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған.
Ұлы қайраткердің сан қырын қамтыған 11 мақала жарияланып отыр.
«Бұдан басқа «Рухани жаңғыру» айдары бойынша С.Ерғалидың «Бәрінен де маңыздысы – тілдік орта» мақаласы жан-жақты талдаулар арқылы мәселенің байыбына үңілтсе, «Сөз сырында» А.Әмірбекованың «Дулат Исабековтің тілі» төңірегіндегі тамаша ойлары бірден баурап алады», – дейді әріптесіміз Редакциялық-баспа басқармасының бас редакторы Қойшыбай Есентаев.
«Терминология» айдарындағы А.Ахметжанұлының «Қазақ тіліндегі химия пәні терминдерінің қалыптасуы және оның қазақ тілі заңдылықтарымен байланысы» тақырыбындағы ой толғамы оқырманын қаннен-қаперсіз қалдырмасы анық.
Алманахтың толық нұсқасымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://tilalemi.kz/viewer/viewer.php?file=/books/8169.pdf