ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
07.07.2022
В избранное
2022 жылғы 4 шілде күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ғылыми Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне «Мемлекеттік тапсырма аясындағы және басқа да жұмыстардың орындалуы туралы жарты жылдық есептер: нәтиже, ұсыныс, жетістіктер мен кемшіліктерге талдау» туралы мәселе ұсынылды. Орталықтың басшысы, Кеңес төрағасы Е.Тілешов атап өткендей, Қоғам жұмысын үйлестіруде Ғылыми алқаның орны бөлек. Бұл орталық жоспарлау мен саралау бойынша тиянақты іс атқарып келеді. Жалпы ағымдағы жылдың алғашқы жартысы кең ауқымды іс-шаралармен көмкерілді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату бағытында атқарылған халықаралық деңгейдегі бас қосулардан бастап, әр басқарманың қызу қызметті жүзеге асырды. Бір сөзбен айтқанда, тіл майданында толас болған жоқ. Алда әлі атқарылар іс көп.
Ең маңыздысы, құр есеп беріп қана қоймай, қол жеткен нәтижелер талқыланды. Әр басқарманың атқарған жұмыстарына жан-жақты талдау жасалып, қол жеткізген табысына қоса, іс барысында кездескен кедергілер мен кемшіліктер кеңінен сөз болды. Болашақта олқы тұстарды болдырмау жағына көбірек көңіл бөлінді.
Бұдан басқа Ғылыми кеңес мүшелері Қоғамның тірлік-тынысын терең зерделеп, жұмыстың жаңа түрін енгізу бағытында ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Кеңес отырысы соңында әр басқарма бойынша нақты шешімдер қабылданды.
Комментарии (0)
Оставить комментарий