«АНА ТІЛІ ӘЛЕМІ» АПТАЛЫҒЫ

19.08.2022

2022 жылғы 11-18 тамыз аралығында Ақтөбе облыстық Тілдерді дамыту басқармасы «Ана тілі әлемі» атты ересектерге арналған халықаралық тіл апталығы ұйымдастырды.

Шараның мақсаты: шетелдегі қандастарымызбен ұлттық бірегейлікті сақтауға, рухани-мәдени байланысты нығайтуға ықпал ету, оқу-әдістемелік көмектер көрсету.

Апталық аясында Тілдерді оқыту орталығы оқытушылары  ұлтымыздың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, қандастарымызға мемлекеттік тілден дәрістер оқып, танымдық сабақтар жүргізді. Апталық ұлы ақын А.Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен ашылып, оқытушылар Г.Төлегенова, Ш.Түменбаевтың «Әдебиет әлемі. Абай шығармашылығы», «Абайды оқы, ерінбе»  атты танымдық дәрістерімен жалғасты.

Оқытушы А.Нұржанова Қ.Жұбанов атындағы ӨАУ базасында «Құтты мекен – Ақтөбе!», «А.Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы» тақырыбында сабақтар өткізді.

Бес күндік кездесуде қандастарымыз Ақтөбе қаласының көрікті жерлерін аралады. Ә.Молдағұлованың ауылына, Есет батыр, Абат-Байтақ бабаларымыздың кесенесіне барып, тағзым етті. Осындай киелі, батырлар мекенінде оқытушы А.Махмутова «Халық ауыз әдебиеті. Батырлар жыры» атты мазмұнды, танымдық  дәріс оқыды. Соңғы күні сабақтар ойын форматында ұйымдастырылды:  викториналық, лингвистикалық-тренингтер өте қызықты  өтті. Әдістемелік-оқу құралдары, тіл үйретуге бағытталған балалар журналдары  сыйға ұсынылды. 

Тілдерді дамыту басқармасының басшысы М.Ысқақов осындай екі жақты кездесулердің ұлттық бірегейлікті сақтауда, жастардың патриоттық сезімін тәрбиелеуде өте маңызды екенін атап өтті.  

 

 

А.Нұржанова,

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы

 Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы

Комментарии (0)
Оставить комментарий