«ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЕҢБЕКТЕРДІ АУДАРУДЫҢ ТЕРМИНЖАСАМДЫҚ ЖҮЙЕЛІЛІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАРЫ
2022 жылғы 9 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы еңбектерді аударудың терминжасамдық жүйелілігі» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өткізеді.
Семинардың мақсаты: «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасындағы аударма барысында қолданылған терминдерді айқындау, олардың қазақ тіліне аудару практикасын саралау, қазақ тілінің терминжасам көздері мүмкіндіктерін жан-жақты жүйелеу.
Семинарда «100 жаңа оқулық» жобасы терминдерінің жай-күйіне сараптамалық талдау жасалынады.
Өтетін күні: 2022 жылғы 9 қыркүйек
Басталуы: сағат 15:00
Өтетін орны: ZOOM платформасы, онлайн режим. 844 004 8081
Байланыс телефоны: 8 (7172) 27-71-33, 8-702-976-70-68