ЭКСПЕДИЦИЯ: АХАҢ ЖҮРІП ӨТКЕН ЖОЛМЕН
13.09.2022
В избранное
Бүгін Ұлт ұстазы, ұлы Ахаңның 150 жылдық мерейтойы аясында «Ахаң жүріп өткен жолмен...» атты экспедиция жолға шықты. Экспедиция құрамында ахметтанушы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері бар. «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Ербол Ердембекұлы ақжолтай тілегін айтып, шығарып салды.
Нұр-Сұлтан қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен басталған қасиетті сапардың бағыты Нұр-Сұлтан – Әулиекөл – Қостанай – Арқалық – Бидайық – Торғай – Ақкөл – Арқалық – Нұр-Сұлтан. Экспедиця 17 қыркүйекке дейін жалғасады.
Алдағы уақытта экспедиция құрамында жолға шыққан әріптесіміз, Редакциялық баспа басқармасының басшысы Дәулеткерей Атауұлы арқылы сапар барысын баяндап отыратын боламыз.
Комментарии (0)
Оставить комментарий