ӘДІЛБЕК ҚАБА: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ ОНЫ ІТ-КЕҢІСТІККЕ ЕНГІЗУГЕ ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ

13.09.2022

12 қыркүйек күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қала «Astana hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ІТ-жобалармен танысты. Жалпы бұл кездесудің басты мақсаты тіл саясатын іске асырудың маңызды тетігі ретінде дайын немесе жобаланып жатқан ІТ-өнімдерге шолу жасап, осы нарықтағы ІТ-мамандармен танысу.

Шара барысында жоба авторлары өздерінің дайын немесе жоба күйіндегі өнімдерімен таныстырды. Іске асырған жағдайда қазақ аудиториясының сұранысын толықтай қанағаттандыра алатындай жобалардың мазмұны мен мақсаты әртүрлі. Мысалы, «Audaru» платформасы,  «Speech Lab» дыбысты синтездеу жобасы, «Qonzhyq.app» мобильді қосымшасы, Телеграмдағы чат-бот пен инстаграм (@kaz_uroki) арқылы қазақ тілін үйретіп жүрген Сергей Хванның тіл үйретуге бағытталған жобасы т.б.

  

  • «Қазақстандық нарықта қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған түрлі жобалар әзірленуде. Бізге таныстырылған оннан астам жобаның қай-қайсысының да өзіндік бағыты, көтерер жүгі бар. Олардың қайсысы қолданысқа жеңіл әрі тиімді боларын бұл өнімдер әзірленіп, тұтынушы қолына тигенде нарық пен тұтынушының қажетсінуі, талғамы реттейді. Біздің тарапымыздан осы жобаларға негіз болатын сөздік әрі дыбыстық қор әзірленуі керек. Алдағы уақытта «Astana hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркімен бірлесіп, тіл саясаты саласына қатысты тиімді ІТ-жобаларды іске асыру бағытында нәтижелі жұмыс жүргіземіз деген сенімдемін», -дейді Әділбек Күнесханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий