Барлық санаттағы азаматтарға арналған қазақ тілі курстарындағы «Тіл білімі және латын әліпбиі» атты тақырыптық дәріс

12.03.2018

Ағымдағы жылдың 5 наурызында Павлодар облысының тілдерді дамтыу жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Барлық санаттағы азаматтарды қазақ тіліне оқыту» курстары басталып, «Тіл білімі және латын әліпбиі» тақырыбында дәріс оқылды. Дәріс барысында Елбасы Н.Ә. Назарбаетың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бастама алған қазақ тілі әліпбиін кезең-кезеңімен латын графикасына көшіру туралы мәліметтер айтылды.

Шараның басты мақсатылатын әліпбиін енгізу мен қолданудың орындылығын, артықшылығын насихаттау, мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыру бағытында күн санап өзгеріп жатқан дүниетанымымызды заман талабына сай икемдеу қажеттілігін түсіндіру болып табылады.

Аталмыш шараға облыстың түрлі ұйымдары мен мекемелері және кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты.

Комментарии (0)
Оставить комментарий