«ҚАЗАҚШАҢЫЗ ҚАЛАЙ?» АТТЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
22 қыркүйек күні Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Қазақшаңыз қалай?» атты ашық есік күні өтеді. Бұл шараға “Қазақша үйрен” орталығының ересек оқушылары да қатысады.
Шара мақсаты: Қазақ тілін оңай үйрену жолдарын ұсыну,, тіл үйренушілер мен оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету.
Шара барысында Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, ф.ғ.к. Ербол Ердембекұлы Тілешов сөз сөйлейді, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Әдістеме басқармасы ІТ жобалармен таныстырады.
Сондай-ақ, тіл үйренушілерге “Қазақша үйрен” оқу орталығы оқытушылары Даден Айгүл, Әбилдинова Ардақ шеберлік сабағын өткізеді. Сонымен қатар Әдістеме басқармасының басшысы, ф.ғ.к. Жазира Мақсұтқызы Ысқақова тіл үйренушілермен қазақ тілін үйрену бойынша сұқбаттасып, үйрену барысында кездесетін мәселелерді талқылайды.
Шара соңында қазақ тілін үйрену бойынша кеңестер мен ұсыныстар тыңдалады.