«Орыс тілінде білім беретін мектепке дейінгі мекемелерді кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге ауыстыру туралы» семинар мәжіліс

15.03.2018

Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыс әкімі Б.Ж. Бақауовтың 2017 жылғы 4 желтоқсандағы кеңейтілген алқа мәжілісінде берген тапсырмасына сәйкес 2018 жылғы 13 наурызда                          облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевтың қатысуымен «Орыс тілінде білім беретін балабақшаларды кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге ауыстыру туралы» семинар мәжіліс өткізді.

Қоғам дамуының жаңа кезеңінде мемлекеттік тілге оқыту мәселесі мектепке дейінгі білім берудегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Тілге ерте кезеңнен үйрету баланың зияткерлік қабілеттерін дамытуға ғана емес, өз ана тілі мен мәдениетіне баулуға мүмкіндік береді. Сондықтан балабақшаларды мемлекеттік тілде білім беруге ауыстыру үздіксіз білім моделі арқылы қазақ тілін іске асырудағы басты қажеттілік болып табылады.

Семинар барысында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы С. Османова тәрбиешілер мен олардың көмекшілерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін арттыру және оқыту жолдарына тоқталса, облыс білім беру басқармасының басшысы Д. Болатханұлы балабақшаларды мемлекеттік тілге ауыстыру жоспарымен таныстырып, кадрмен қамтамасыз ету мәселелерін баяндады.

Сонымен қатар, семинардың күн тәрбінде:  «Мемлекеттік тілді оқыту үрдісіндегі отбасылық тәсіл», «Оқыту барысында функционалдық-коммуникативтік тәсілді қолдану арқылы мемлекеттік тілдің оң мотивациялық рөліне қол жеткізу», «Мектепке дейінгі балаларды мемлекеттік тілге оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелік тәсілі» мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалып, талқыланды. 

Семинарға қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, Павлодар қаласы бойынша балабақшалардың басшылары мен ата-аналар қоғамының өкілдері, орыс тілінде білім беретін тәрбиешілер, оқыту орталықтарының директорлары, «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік» тілдік бранч қатысушылары, БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Комментарии (0)
Оставить комментарий