МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БАҚ СЫНАСАДЫ

12.10.2022

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен ұйымдастырылып жатқан «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының жеңімпаздары қасиетті Қарағанды жерінде анықталады.

Сайыстың негізгі мақсаты мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту мен мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт жастарын ынталандыруға бағытталған.

Конкурсқа республика өңірлері мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті деңгейде іріктеуден өткен медицина саласындағы этнос өкілдері қатысады.

Байқаудың өтетін орны: Қарағанды қаласы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Студенттер сарайы.

Өткізілу мерзімі: 14 қазан, сағат 10.00.

Байланыс телефондары: 8-702-976-70-68

                                              8-778-492-01-38

                                              tilqogam@gmail.com                 

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий