Онлайн режимі арқылы тіл мамандарына арналған «Терминологияның өзекті мәселелері» атты ақпараттық сағат
2018 жылы 15 наурызда сағат 11.00-де С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада онлайн режимі арқылы тіл мамандарына арналған «Терминологияның өзекті мәселелері» атты ақпараттық сағат өтті.
Шара Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – тіл мәдениетін деңгейін көтеру, тарих және салт-дәстүрлерге деген құрмет пен қызығушылықты жаңғырту.
Бүгінгі таңда тіл біліміндегі өзeктi мәсeлeлeрдің бiрi тeрминология мәсeлeлeрi болып отыр. Жалпы ХХ ғaсырдың 30-жылдaры қaлыптaсa бaстaғaн тeрминология сaлaсы мәсeлeлeрi әлi дe шeшyiн тaппaғaн, өзeктiлiгi жоғары болып қалып отыр. Ғылымның бaрлық сaлaлaрының жaн-жaқты дaмyы тeрминологиямeн тығыз бaйлaнысты, сeбeбi қоғaмдық өмiрдiң мaңызды сaлaлaрындa қолдaнылy aясын кeңeйтyдi тaлaп eтeтiн мeмлeкeттiк тiлдiң қaзiргi жaй-күйi, оның дaмy болaшaғы ұлттық тeрминологияның дaмy дeңгeйiмeн, оның қодaнылy aясының ayқымымeн тығыз бaйлaнысты, қaндaй дa бiр жaңaлық, жaңa ұғым тeрминмeн бeлгiлeнiп, тeрминологиялық жүйeдe өз орнын тayып отырaды.
Ақпараттық сағатта дәл осы мәселелер талқыланды.
Аталмыш іс-шараға Павлодар қаласындағы жоғары оқу орындарының Г.Т. Кәріпжанова, Ы.Б. Шақаман, А.О. Кәріпжанова сынды ғалымдары мен қала, аудандардағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, облыс мемлекеттік органдарының сала мамандары қатысты.