«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын өткізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің
2018 жылғы « 5 » ақпандағы
№ 8 бұйрығымен бекітілген
«Мемлекеттік тіл және БАҚ»
республикалық конкурсын өткізу қағидалары
- Жалпы ережелер
- Осы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын (бұдан әрі – конкурс) өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орайластырылған.
- Конкурсты өткізудің мақсаты мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту болып табылады.
- Конкурс төрт номинациядан тұрады:
1) «Үздік мақала»;
2) «Үздік телебағдарлама»;
3) «Үздік радиобағдарлама»;
4) «Үздік сайт мақаласы».
- Конкурсқа мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша БАҚ-та материалдар жариялаған журналистер қатыса алады.
- Алдыңғы конкурстардағы бас жүлдемен марапатталған жеңімпаздар конкурсқа қатыстырылмайды.
- Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады. - Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2018 жылдың I тоқсанының соңына дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады. - Конкурсқа қатысу үшін осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген төрт номинацияның біреуі бойынша жазбаша түрде Комитетке 2018 жылғы
4 маусымға дейін мынадай құжаттармен бірге беріледі:
1) өтінім (осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
2) 2017 жылғы 10 маусым мен 2018 жылғы 1 маусым аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген екі материалды, соның ішінде радио және телебағдарламаларды, мемлекеттік тілдегі сайттардағы және мерзімдік баспасөздегі жарияланған мақалаларды;
3) мақала жарияланған газет-журналдар, сайттардың скриншоттары, бағдарламалардың DVD дискідегі жазбасы, мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары;
- Қағиданың 8-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.
- Комитетке ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
- Қорытынды ережелер
- Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін тіл мен әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдерінен бес адамнан тұратын қазылар алқасы құрылады. Оның құрамын Комитет бекітеді. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардан түскен материалдар негізінде дауыс беру арқылы конкурстың төрт номинациясы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Конкурстың марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі.
- Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.
- Конкурстың жеңімпаздары туралы Конкурс біткеннен кейінгі
10 жұмыс күн ішінде ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.
010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсына» деген белгімен.
Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-04-97, 74-14-97, 27-98-36, 40-83-67.
______________________
«Мемлекеттік тіл және БАҚ»
республикалық конкурсын өткізу
қағидаларына қосымша
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық
конкурсқа қатысу үшін өтінім
- Т.А.Ә. _______________________________________________________
- Жасы ________________________________________________________
- Жынысы______________________________________________________
- Білімі_________________________________________________________
- Жұмысы______________________________________________________
- Мекенжайы___________________________________________________
- Байланыс телефондары_________________________________________
- Мақала, бағдарлама, БАҚ атауы, жарияланған күні:
1) ______________________________________________________________
2) ______________________________________________________________
- Қосымша ақпарат ______________________________________________
- Фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)________________________
Қолы
Күні