САУАТТЫ ЖАРНАМА – ТІЛ АБЫРОЙЫ

25.11.2022

2022 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруге, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы талаптарының орындалуын қадағалауға атсалысып жүрген азаматтарға қолдау көрсету, оларды ынталандыру мақсатында «Сауатты жарнама – тіл абыройы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті.

Байқауға еліміздің 10 өңірінен шағын, орта бизнес саласының өкілдері және жеке азаматтар қатысып (жалпы саны – 12 адам), байқау шартына сай аймақтардағы көрнекі ақпараттағы қателерді, бұзушылықтарды анықтап, оны түзетуге бағытталған өз жұмыстарын ұсынды.

Байқау ережесіне сәйкес қазылар алқасының қарау нәтижесі бойынша аталған байқауда ІІІ орынға Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, қоғам белсендісі Тоқпанов Әнуар Бердібекұлы мен Алматы облысының тұрғыны Мамырбаева Гульнар ие болды.

Атырау облысынан қатысқан жеке кәсіпкер Тасмұқанов Серік Қабашұлы және «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ Қарағанды облысы филиалының жауапты хатшысы Бөрібаева Ұлдархан Бескемпірқызы жүлделі ІІ орынды иеленді.

Жүлделі І орынға Ақмола облысы Көкшетау қаласының №1 мектеп гимназиясының мұғалімі Қайыров Біржан Болатұлы мен Павлодар педагогикалық университетінің 2-ші курс студенті Нұғыман Лейла Мейрамқызы ие болды.

Байқауға қатысқан барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Жүлделі орынға ие болған жеңімпаздарға арнайы диплом мен ақшалай сыйлық тапсырылды.

Комментарии (0)
Оставить комментарий