«MICROSOFT» ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ КЕҢ ӨРІС АШАДЫ

05.12.2022

2022 жылғы 5 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен «Майкрософт» компаниясының Қазақстандағы оқу-ағарту бағдарламалары жөніндегі менеджері Нәзила Нұрметованың арасында іскер кездесу өтті.

Microsoft компаниясы – қазақ тілін қосқан екінші әлемдік компания. Қазірдің өзінде Google-ден кейін аударма тілдер тобында 60-тан астам тілді қамтып отыр. Компа­ния­­ның ресми блогындағы жазбаға жүгінсек, Qazaqsha не Qazaq Tili Қазақстанда, Қытайдың батысында, Моңғолияның батысында, Ресейдің оңтүстігінде және әлемнің басқа елдерінде қол­да­нылады екен. Күні бүгін қазақша сөйлей­тін 22 миллионға жуық адам тіркелген. Олардың­ кириллица әліпбиімен теріл­ген мәтінді Microsoft Translator-да қазақшаға аударуға мүмкіндігі бар.

Кездесу барысында ана тіліміздің өрісін кеңейту туралы кеңінен сөз болды.  

Комментарии (0)
Оставить комментарий