Ахмет Байтұрсынұлы. ЭНЦИКЛОПЕДИЯ

Энциклопедия аса көрнекті ұлт қайраткері, Алаш қозғалысының рухани көсемі, қазақ тіл білімі жəне əдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ақын, көсемсөзші, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлына арналған. Энциклопедияға ғалымның өмірбаян деректері, қайраткерлік қызметі, ғылыми жəне əдеби, публицистикалық мұралары жөніндегі мақалалар енгізілді. Сонымен бірге ол туралы жазылған еңбектер мен олардың авторлары жөнінде де мəліметтер берілді. Тұңғыш рет жарық көріп отырған бұл тұлғалық энциклопедия ұлт тарихындағы аса көрнекті қайраткер-қаламгердің өмірін, қызметін, шығармашылығын білгісі келетін барша оқырман қауымға арналады.
Читать
Комментарии (0)
Оставить комментарий