Қазақ тілі оқулығы. Орта деңгей.

Ұсынылып отырған оқулық қазақ тілін меңгерудің орта деңгейі (В1) бойынша әзірленген. Оқулықта коммуникативтік дағдыларды дамытуға негіз болатын сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша тілдік материалдар қамтылған. Тілдік қатынастың отбасы-тұрмыстық, мəдени-əлеуметтік, кəсіби-елтанымдық жəне қоғамдық салаларына сəйкес өзекті тақырыптарды қамтыған мəтіндер мен коммуникативтік тапсырмалар жүйесі тіл үйренушінің сөйлеу əрекетінің оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым түрлері бойынша тілдік дағдылары мен сөйлеу іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен бірге, тыңдалымға арналған аудиомəтіндер мен тапсырмалар аудиодискіге жазылып, оқулыққа қосымша ретінде жеке ұсынылды. Оқулық қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде үйренушілерге, қазақ тілінің оқытушылары мен әдіскерлеріне, сондай-ақ жалпы қазақ тілін үйренемін деген оқырман қауымға арналған.
Читать
Комментарии (0)
Оставить комментарий