Өмірзақ Айтбайұлы. Қазақ фразеологизмдері мен перифраздары
Авторлардың "қазақ фразеологиясы мен перифраздары" деп аталатын еңбегі өзінің аты айтып тұрғандай үлкен екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлігінде фразеологизмдердің әр алуан қолданыс ортасындағы табиғаты сөз болады. Әсіресе, бұлардың қазақ тіліндегі түрлері сараланып, олардың аударма тіліндегі жай-күйі де зерделенеді. Екінші бөлім қазақ тіл білімінде бұрын-соңды көп қарастырыла қоймаған тілдік материалға арналған. Ол ауыспалы, астарлы мағыналы болып келетін перифраздар мәселесі. Бұлардың қазақ тілінде тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, афоризмдер, жұмбақтармен байланысы қарастырылады. Кітап жоғары оқу орындары мен орта мектеп оқушыларына және тіл мәселелеріне бейіл білдіретін жандарға арналған.
Читать
В избранное
Комментарии (0)
Оставить комментарий