АЛМАТЫДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

14.12.2022

2022 жылғы 14 желтоқсан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, белгілі ғалым Е.Тілешов Алматы қаласында өткен А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және ғылым тілі» халықаралық ғылыми-теориялық конференция жұмысына қатысты.

Ісшараның негізгі мақсаты – қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының осы уақытқа дейін көпшілік назарына ұсынылмай келген, ғылыми ортада әлі де толық зерттелмеген тілтанымдық мұрасын жаңа лингвистикалық теориялар мен ғылыми көзқарас тұрғысынан бағалау, Ахметтану ілімін ілгерілету және ұлт ұстазының тұжырымдары негізінде қазақ тіл білімінің болашағын бағамдау.

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көрмекші.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру