ЖАҢА САНЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

29.12.2022

Мемлекеттік терминология комиссиясының «Терминологиялық хабаршы» бюллетенінің №2 (63) саны жарық көрді. «Ресмиет» айдарында Мемлекеттік терминология комиссиясының 2022 жылғы 4 қараша, 24 қараша мен 13 желтоқсандағы отырыстарында бекітілген терминдер жарияланған.

«Тіл-тарих» бөлімінен белгілі ғалым Жантас Жақыповтың «Зұлмат кезеңнің бейнесін беретін атаулар» мақаласымен таныса аласыздар.

«Мәселе» айдарында филология ғылымдарының кандидаты Сая Итегулова «Мектеп оқулықтарындағы терминдерді ұлттық сипатта қалыптастырудың кейбір мәселелері» туралы ой толғаса, филология ғылымдарының кандидаты Нұрзия Әбдікәрім «шеттілдік префикстер арқылы жасалған терминдердің моңғол тілінде игерілуі» жөнінде сөз қозғайды.

Бұдан басқа Павлодар педагогикалық университетi әкімшілік департаментi құжат айналымы және бақылау бөлiмiнiң мемлекеттiк тiл жөнiндегi маманы Е.Асылбеков «Кірме терминдердің баламасын табуда ескерілетін мәселелер» төңірегінде пікір білдірсе, Теміртау индустриалды-технологиялық колледжінің құрылыс және коммуналды шаруашылық бөлімінің өндірістік оқыту шебері Дина Қуантхан «Құрылыс саласындағы будан терминдердің жасалу ерекшелігін» оқырман назарына ұсынады.

Бюллетеннің толық электронды нұсқасымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://tilalemi.kz/tartu/one/1174

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру