ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

31.12.2022

2022 жылғы 30 желтоқсан күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Е.Тілешов ұжымды Жаңа жылмен құттықтады.

Тарих қойнауына кетіп бара жатқан жылдың мемлекеттік тілдің мәртебесі, ана тіліміздің абыройы үшін елеулі оқиғалары көп болды. Соның ішінде шоқтығы биігі – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдың мерейтойы. ЮНЕСКО аясында аталып өтілген бұл тарихи шараға  ұжым қызметкерлері белсене атсалысты.

«Тарихи қажеттілік Ахмет Байтұрсынұлын ұстаз, қаламгер және гуманист  қайраткер ретінде қалыптастырды. Жоғары интеллектуалды гуманист тұлға және аса ірі қайраткер жаңа ғасырдың тарихи қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін терең түсінді. Сөйтіп білім ғасырының, капиталистік қарым-қатынастар кезеңінің ерекшелігін және ұлттық консолидация қажеттігін айрықша сезінді. Саяси серіктері, ұлт қайраткерлерімен бірге бір жағынан азаттық күресін, екінші жағынан мәдени күресті бастады»,– деді белгілі ғалым Ербол Ердембекұлы.

Орталық 2023 – Қоян жылын зор табыстармен қарсы алуда.

Басшы Жаңа жылда жаңа жетістіктер мен сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру