ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТЕДІ

31.01.2023

2023 жылғы 2 ақпан күні, «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен «baitursynuly.kz» сайтының таныстырылымы және ұлт ұстазының қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде тұңғыш рет жарық көрген таңдамалы шығармаларының, сондай-ақ ғылыми экспедицияның «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» атты қорытынды жинағының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Шараның негізгі мақсаты – ұлт ұстазы, Алаш көсемі, ұлттық ғылым мен жазудың негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының бай мұрасын таныстыру және тарату.
Іс-шара аясында «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.
Таныстырылым рәсіміне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік ғылыми ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Өтетін орны: Астана қаласы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы.

Өтетін уақыты: 2023 жылғы 2 ақпан, сағат 15.00

Анықтама үшін телефон: 8-702-976-70-68

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру