АБЫЗ АҚСАҚАЛМЕН КЕЗДЕСТІ

03.02.2023

2023 жылғы 3 ақпан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас редакторы Серікбай Әбілмәжін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ әдебиетінің абызы, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан үлкен ғалым Қойшығара Салғараұлымен кездесті. Қойшығара Салғараұлын оқырмандарға таныстырып жатудың өзі артық. Әріптесіміздің бұл жүздесуінің сыры: күні кеше ғана Астанада тұсауы кесілген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының Таңдамалы шығармалары мен ғылыми экспедицияның «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» қорытынды жинағын табыстау еді.

Арнайы тапсырма берген Бас директор, белгілі ғалым Е.Тілешов өз қаламынан туған «Алаш туы астында» зерттеу еңбегін қолтаңбасымен сыйға тартты.

«Әр сөздің кәдімгі мағынасы бар. Мысалы, «тау» десе, Сіздің ойыңызға өзен-көл емес, бірден қарлы шыңның сұлбасы келе қалады. «Сана» десек те солай болуы керек. Осыны анықтап алмай, «Сананы түзеу керек» деп жар салатындар бар. Ұлт мүддесі жолында құрбан болған Алаш ардақтыларын құрметту керек. Сіздердің атқарып жатқан шаруаларыңыз нақты іс. Оңынан болсын», – деп ағынан жарылды абыз ақсақал.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру