ТЕГІҢДІ ТҮЗЕУ – ТІЛІҢЕ ҚҰРМЕТ
Әріптесіміз, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Лиза Қожаққызы өзінің ата-тегін ана тіліміздің жазылу ерекшелігіне сай түзетті.
Жалпы құжаттағы ата-тегін қазақшалау – тектіліктің белгісі.
Мемлекет өз тарапынан заңдық-құқықтық негіз жасап берді.
Қалған шаруа ел азаматтарының өзіне байланысты.
Тарихқа жүгінсек, бұл бір ғасырдан астам уақыт бойы созылып келе жатқан үрдіс. 1917 жылы Алаш арыстары қазақтың аты-жөні туралы: «Ұлттық дәстүрмен Абай Құнанбайұлы деген сияқты жаздырсын, біз де Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы болайық!» – деп өз ана тілінде рәсімдеу туралы ұсыныс тастаған екен.
Тіпті: «Қазақ аты-жөнін орыс халқына еліктеп, «ов, -ев» деп жазу тоқтатылсын!» деген ұсыныс жасайды. Бұл қолдау тауып, алқалы жиын: «Бүгіннен бастап қазақтар аты-жөнін «ұлы, қызы» үлгісімен жазатын болсын» деген қаулы да қабылдаған көрінеді.
Өкінішке қарай, бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатыр...
«Қазақ болып дүниеге келген соң, қазақы тегіміз бен әкеміздің атын абыроймен алып жүру – серт», – дейді Л.Есбосын.