«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКСТРАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтеді

13.04.2023

2023 жылдың 14 сәуір күні Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Қазақ тіліндегі техникалық терминдерді жетілдірудің лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлары» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтеді.

 

Дөңгелек үстел мақсаты – қазақ тілінің терминқорындағы техникалық терминдердің базасын толықтыру, жетілдіру жолдарын қарастыру; сала мамандарын (техника мамандарының арасынан терминолог мамандар) дайындау.

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты,Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшелері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, техникалық салалар және тіл мамандары, жас ғалымдар қатысады.

 

Дөңгелек үстел материалдары «Termincom.kz» сайтында орналастырылады.

 

Байланыс мәліметтері:

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы.

+7 707 321 0016 (whatsapp), +7 708 676 3776 (whatsapp)

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру