«Рухани жаңғыру: жаңа қазақ әліпбиі және мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы» атты семинар-кеңес

11.04.2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесіп ағымдағы жылдың 13 сәуірінде «Рухани жаңғыру: жаңа қазақ әліпбиі және мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы» атты семинар-кеңес өткізеді.

Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы сөз болады. Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау, лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу, ағылшын және басқа да шет тілдерін оқыту жайы талқыланады. Жасалған жұмыстардың нәтижесі нақтыланып, атқарылар істердің жүйесі жоспарланады.

Сондай-ақ жаңа қазақ әліпбиін енгізуді ұйымдастырудың теориялық және ғылыми-практикалық мәселелері көтеріледі. Ұлттық комиссия жанынан құрылған төрт бағыттағы (орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық, техникалық және ақпараттық сүйемелдеу) жұмыс тобының жұмыс жоспары таныстырылып, бүгінге дейін атқарылған шараның есебі беріледі. 

Аталған шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мамандары,  филолог-ғалымдар, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың  қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысады. 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру