ҚАЗАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ОСЫНДАЙ ПРОГРАММАСЫ БОЛҒАН
Бұл кітап 1929 жылы Қызылордада басылған. Кітаптың аты: Қазақ-қырғыз елінің салт, шаруа тұрмысын зерттеу пырагырамы. Авторы: А. Мельков, кітапа А. Мелкөб болып жазылған. Аударушы: А. О. Кітап Қазақ пен қырғыздың салтын, дәстүрін зерттеушілер үшін, этнографтарға, тарихшыларға, тіпті бәрімізге табыла бермейтін құнды мұра. Кітапта қазақ пен қырғыздың тұрмыс-салтын, өмір дағдысын зерттеудің бағдарламасы жасалған.
Зерттеуші өзі бұл бағдарламаны әуестікпен жазғанын, толыққанды программа емес екенін айтады. Қазақ пен қырғыздың тұрмыс-тіршілігін зерттеуге қызыққан Мельков мырза бұл еңбекті жазуға өзінің жиған-терген білімі, өзінен басқа этногарфтардың еңбектері, 1926 жылы жазылған Бүриет (Бурият), Манғол жұрты туралы зерттеулер, Банзоров (Банзарып) бастағандардың "Аймақтану" атты журналда жариялаған еңбектері арқау болғанын айтады. Кітапты аударған А.О. атты автордың кім екені әзірге белгісіз. Бірақ кітаптың тілі және тарихи құндылығы зерттеуге татиды. Программа жеке автор жағынан жасалса да, қазақ пен қырғызды зерттеуге өте жіңішкелікпен бағыт көрсеткен. Халықтың өріс-қонысы, көшпелі ме, жаитылай көшпелі ме, ру аттары, рулардың қоныстануы, молалар, шаңрақ, түтін сандары, көшіп келу тарихы, жұрттар, көне қорымдар, үңгірлер, жер-су атаулары, наным-сенім, т.б. аса көп сан алуан тақырпты жан-жақтылы зерттеуге бағдарлама ретірде баптар бойынша жазылып шыққан. Бұл зерттеудің алдынала жазылған бағдарламасы. Ал осы бағдарлама бойынша жасалған зерттеу нәтижесі қайда екен?! Бар болса ол бір ұшан-теңіз дүние болар еді.
Кітаптың 1929 жылы баспадан шыққанына қарап автор мұны жеке әуесі бойынша жазып шықты дегенге сене алмайсыз. Себебі, 1928 жылдан басталған жаппай отырықтандыру саясаты, бай-манаптарды сүргінге айдау, коммунизмның ұшқары ұрандарына ілесе аянышты науқандар жүргізу дәуірінде бұған дейін көшпелі ғұмыр кешкен қазақ-қырғыз жұртын онан да тереңдей зерттеу Мәскеудің тапсырмасы болуы бек мүмкін.
Терістіктегі көршіміз біздің елді жүйелі түрде зерттей бастауы 1700 жылдардан бастау алғаны ақиқат. 1730 жылы Бастытағы қазақтарға пәрменін жүргізе бастаған патшалық Орыс елі 1742 жылдардан бастап күні кешеге дейін сан тарау экспедициясын Қазақ даласына аттандырғаны белгілі. Әсіресе, 19 ғасырда Қазақ даласына қаптап кеткен миссионерлердің естеліктері бүгінгі таңда тарихымызды зерттеуде кем болса болмайтын дәйекке айналып отырғанын мойындауымыз керек. Қазақтың қойын құрттап, айранын ұрттап жүріп, қазақтың бар шындығын алып кеткен Мелиоранский, Илмениский, С. Малов, В.В. Радолвтардың жазғандарының әлі түкірігі түйме алтын. Орыстың патша үкіметі Қазақ пен қырғыздан бұрын өздеріне жақын қоныстанған татар, башқұрт, жақыт (якут), бурият, чулум, қарашай, балқар, құмық,т.б.түріктекті, көшпелі өркениет елдерін толықтай зерттеп үлгіргені, түгел түрік ту тіккен Тұран даласын жаулауға кемінде үш-бес ғасыр дайындалғаны байқалады. Қытай мен орыс елдері төңірегін міне осылай аспай-саспай зерделеп барып ақыры жаулап алып отырды. Оған дәлелдер көп.
Біз атап өткен еңбектер өз кезінде отаршылардың отарлау бағдарламасын жасауға көмектескенімен, қазіргі күнде өткенімізді қайта бұрылып зерттеуге, тарихта жіберген осалдық пен олқылықтан сабақ алуға аса құнды мәліметтер беретін тарихи тұрғыда маңызды дүиелер екенін шарасыз мойындаймыз. Сондай саяси әрі ғылыми құны теңдессіз ірі тапсырмалардың орындаушысы болып қазақтың Шоқаны да талай қатерлі сапарға басын бәй тіккені де белгілі.
1905 жылға дейін жүрілген Шербина экспедициясына орыс ғалымдарымен бірге Әлихан Бөкейхан да қатысып аса құнды суреттер мен естеліктер жинаған. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы Әлихан қатысқан сол экспедиция материалдарын өзінің оқу құралдарына пайдаланып, күллі қазақ даласының өмір көрінісін этнографиялық тұрғыда жинақтағанын біреу білсе, біреу білмейді.
Оқырманға ұсынып отырған бағдарламалық нұсқаулықты зерттеу маңызды. Себебі, онда қазақ пен қырғыз өмірінің құпиясын жіліктеп тұрып зерттеудің жолдары ашық жазылған. Ал, осы бағдарлама бойынша жасалған зерттеу нәтижесі табылса ол тіптен құнды дүние болары даусыз.
Айқара беттегі суретті айтсаңызшы!
Дереккөз: Әділет Ахметтің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.