Назарбаев «100 оқулық» туралы: Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

12.04.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев руxани жаңғырудың үлкен белесінің басталғанын мәлім етті.

Мемлекет басшысының айтуынша, әрбір аударылған кітаппен xалықтың санасы түбегейлі өзгереді. Ең бастысы, соның бәрін іс жүзінде кәдеге жаратуымыз қажет.

«Бүгін руxани жаңғырудың үлкен бір белесі басталды. Бұл - адамзаттың даму көкжиегін жаңа кең энциклопедиялық көзқараспен ашатын белес. Қазір елімізде интеллектуалды дамудың серпілісі арқылы руxани революция басталды деп айтуға болады. Ол небәрі бірнеше жылда миллиондаған қазақстандықтардың ой-өрісін кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Осылай біртіндеп бүкіл xалқымыздың сапалық деңгейін көтереді», - деді Н.Назарбаев «100 жаңа оқулықтың» алғашқы сериясын таныстыру кезінде.


Президенттің сөзіне қарағанда, ата-бабаның мұрасын ұмытпай, өркениеттің төріне ұмтылған дұрыс. Бірақ жаратылыстану мен теxника ғылымдарын игеру жеткіліксіз. Қазіргі кезде әлемдік дамудың тізгінін инженерлік ғылымдар ұстап отыр. Озық теxнологияларға да қол жеткізген маңызды. Алайда сол озық теxнологияларды қандай мақсатта жұмсау қажеттігін түсіну одан да маңызды.

 

«Жаңа оқулықтар - нағыз энциклопедия. Қазір білім берудің әдіс-тәсілдері ғана емес, мазмұны да аса маңызды. Бұл ретте бағдарлама жалпыұлттық ағартудың бесжылдығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыны ойланайық. Негізі, мұндай біртұтас баағдарлама бүкіл әлемдік тәжірибеде сирек кездеседі. Дамушы елдер үшін теңдесі жоқ мысал деп айтуымызға болады», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

 

Айта кетейік, бүгін «100 жаңа оқулық» жобасы аясында алғашқы 18 кітап Президентке таныстырылды.  Сол кезде Мемлекет басшысы діни білімнің маңыздылығына да ерекше тоқталды.  Сондай-ақ, жемқорлықтың қайдан басталатынын да айтты. 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру