АЛҒАШҚЫ ТҮСІРІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ

01.06.2023

2023 жылғы 31 мамыр күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Терминология басқармасының басшысы Б.Ысқақ пен жетекші ғылыми қызметкер Н.Әбдікәрім «Хабар» телеарнасының «Тіл» атты жаңа бағдарламасының алғашқы түсіріліміне қатысты. Бақытгүл Дәуітбекқызы мен Нұрзия Әбдікәрім – екеуі де елімізге белгілі ғалымдар, тіл мамандары. Теледидардағы таңғажайып жәйт туралы сұрағымызға төмендегіше жауап берді: «Хабар кәдімгі күнделікті тұрмыстағыдай тікелей қарым-қатынасқа құрылған екен.

Мәселен, құрылыс саласы маманы «раствор» сөзін «лай» деуге қатысты өз ойын білдіреді. Соңынан мамандар отырып талдайды. Біз біріміз сарапшы, екіншіміз сөйлеуші ретінде қатыстық. Бағдарлама туралы бірер ауыз пікір білдіре кеткен орынды секілді. Бірден айту керек, бұл – осыдан ширек ғасыр уақыт бұрын осы арнада көрермен көзайымына айналған сәтті жоба. Аға буын өкілдері ұмыта қоймаған шығар, марқұм Бейбіт Құсанбек көзі жарқ-жұрқ етіп жүргізген еді. Әу бастан-ақ мақсаты ана тіліміздің тазалығы мен шексіз байлығы туралы болды. Бүгін де тура сол сара бағытынан айнымай, көрерменімен қайта қауышқалы жатыр екен. Қалған әңгімені әркім өзі сол бағдарламаны тамашалау арқылы түйсінгені жөн шығар».

Біз де өз тарапымыздан қалың оқырман қауымға, барша тіл жанашырларына жаңа бағдарламаны жіберіп алмауды ұсынамыз.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру