ҚЫЗЫҚТЫ ДӘРІСТІҢ ЖАЛҒАСЫ

08.06.2023

Келесі бас қосуды Әдістеме басқармасының басшысы, жас ғалым Жазира Мақсұтқызы ашты. Семинар спикері КИМЭП профессоры, филология ғылымдарының докторы З.Ерназарованың бұл жолғы дәрісі сөз модельдері мен оларды меңгерту әдістеріне арналды.

Бұқар жыраудың: «Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ» деген сөзі қай кезде де өз маңызын жойған емес. Әсіресе, бүгінгі таңда халықпен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істейтін мамандық иелері үшін ауадай қажет-ақ.

Ендеше тіл оқытушылары үшін бұл дәрістің әдістемелік мәні ерекше.

 «Сөйлеуші, ең әуелі, өзінің не айтқалы тұрғанын анық білгені жөн: түсіндіру ме, жоқ әлде сипаттау ма, немесе хабарлау ма? Осыдан кейін барып, ақпараттық сөзді құрауға кіріседі. Бұл жерде қойылатын қатаң талап – ой анық та қызықты шыққаны дұрыс. Әрине, аудиторияның қызығушылығын естен әсте шығаруға болмайды. Мәселеге қатысты ескі мен жаңа жиі салыстырылса, тыңдаушыға тартымды бола түседі»,– деді Зәуреш Шаршабекқызы.

Дәріскер ақпараттық сөз құрастыру тәжірибесін сөз еткенде республикалық семинарға қатысушылармен тікелей байланысқа көшті, қазіргі кең қолданыста жүрген тренинг тәсілімен түсіндіруге кірісті. Бұл әдіс қатысушылардың қызығушылығын тудырғаны, әсіресе, тақырыпты меңгеру барысындағы айрықша белсенділіктен анық байқалып тұрды.

Сондай-ақ, үгіт – насихат сөз құрастыру жәй-күйі сөз болды.

Әдеттегідей соңынан үйге практикалық тапсырмалар берілді.

Мұның бәрі ертеңгі қорытынды бас қосуда талқыланатын болады.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру