АБАЙ ИНСТИТУТЫ ЮНУС ЭМРЕ ИНСТИТУТЫМЕН СЕРІКТЕСТІК ОРНАТТЫ

15.06.2023

Юнус Эмре институты дүниежүзіне түрік тілі мен мәдениетін тарататын ірі орталық. Әлемнің 50-ден астам елінде филиалы бар.

Институт тіл үйрету мәселесімен ғана шектелмей, кино, музыка, әдебиет саласында да ауқымды жобаларды жүзеге асырады.

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының «Абай институты» да елімізде әрі шетелде қазақ тілін үйрету ісімен айналысады.

 

Делегация Юнус Эмре институтының басшылығымен кездесіп, өзара тәжірибе алмасуға келісті. «Институттың халықаралық стандарттарға сай түрік тілі деңгейін анықтау емтиханы тәжірибесі назар аударуға тұрады. Түрік тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі мен мұғалімдерді дайындау ісі де жолға қойылған. Біздің «Абай институты» да шетелдегі қандастарымыз бен қазақ тілін үйренуге ниет білдірген әр адамға көмек жасап келеді. Жалпы бұл сапар осы бағыттағы жұмыстарды халықаралық деңгейге шығаруды көздейді», – деп ой түйді Бас директор Мақпал Жұмабай.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру