«МАХМҰД ҚАШҚАРИ КІТАПХАНАСЫ» АТТЫ КІТАП БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ

17.07.2023

Алматы қаласындағы Alatau Creative Hub орталығында «Махмұд Қашқари кітапханасы» атты түрік әдебиетінің кітап бұрышы ашылды. Аталған бастаманы Түркия Республикасының Алматы бас консулдығы, «TURKTAV» түркі тарихы және мәдениеті қоры және Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бірлесіп жүзеге асырды.

Шараға Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев, «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Мейрам Бектембаев,Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Әли Рыза Ақынжы, «TURKTAV» қоры басшысы Омер Низаметтин Айкурт, Түркия Республикасы Президент аппараты жанындағы мемлекеттік архив басшысы Угур Унал мен БАҚ өкілдері қатысты.

Түркия Республикасының 100 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан іс-шараның басты мақсаты - бауырлас ел Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени қарым-қатынастардың нығаюына ықпал жасау.Айта кетейік, түркі тарихы және мәдениеті қоры тарапынан сыйға тартылған 2000-ға жуық түрік тіліндегі кітаптар әдебиет, өнер, тарих, философия, ғылым тақырыптарын қамтиды. Алдағы уақытта Alatau Creative Hub орталығы келушілерге оқу, зерттеу және идеялармен бөлісу үшін ең қолайлы алаң болмақ.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру